Бүгін Қазақстанда Республика күні атап өтіледі

25 қазан – еліміздің тарихындағы айрықша күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, ел тәуелсіздігінің негізі қаланды. Бұл құжат Қазақстанның даму жолын дербес таңдауына жол ашты.
Бұл мереке туған жерге деген сүйіспеншілікті, халықтың бірлігі мен ынтымағын білдіреді. Ол баршамызды прогрессивті әрі әділетті қоғам құру жолындағы ортақ мақсатқа біріктіріп, еліміздің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілігімізді еске салады.
Барша қазақстандықтарға бақыт, бақ-береке және Қазақстанымыздың игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!
Республика күні құтты болсын!

Источник: Маслихат города Косшы — gov.kz