Төлеби ауданындағы жекеменшік мектептерге семинар өткізілді
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданында тіркелген жекеменшік мектептердің құрылтайшылары мен басшыларына семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының талаптарын түсіндіру болып табылады.
Іс шараға ҰҚК Төлеби аудандық бөлімшесі, Төлеби аудандық Полиция бөлімі экстремизмге қарсы іс-қимыл тобы, облыстық дін істері және білім басқармалары арнайы қатыстырылды.
Шара регламентіне сәйкес, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдері экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында баяндамалар жасап, ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен бірге, жиын соңында ТТО объектілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар түсіндіріліп, объектінің анықталған осал тұстары бойынша ұсыныстар енгізілді.
Шара қорытындысымен мектеп басшылары тарапынан сұрақтар қойылып, пікірталас ұйымдастырылды және өздерінің сұрақтарына жауапты мамандар тарапынан жауаптарын алды.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі
Источник: Антитеррористический центр — gov.kz



