Шетелдерде білім алу – пайдасы мен зияны
Қазіргі таңда, облыс аумағында шетелдік күмәнді теологиялық оқу орындарына білім алу үшін кетіп жатқан жастардың саны азаймауда.
Осы ретте, облыстық ТҚК аясында жастарға діни білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, шетелдік білім беру ұйымдарын таңдауда аса сақ болу қажеттілігін ескерту, күмәнді ақпараттар мен жалған ұстанымдардың ықпалынан қорғану жолдарын көрсету мақсатында Ордабасы ауданында орналасқан «М.Әуезов», «М.Дулати», «Жеңіс», «А.Байтұрсынұлы», «Ш.Уалиханов» атындағы жалпы білім беретін мектептерінде профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында шетелде діни білім алуға ниетті азаматтардың оқу орнын таңдауда заңдылығына, білім беру бағдарламасына оқу орнының беделіне және тиісті мемлекеттік органдар тарапынан танылуына назар аударуы қажет екені атап өтілді.
Егер де оқу орнының қызметі түсініксіз болған жағдайда немесе оның ұстанымдары қоғамдағы тұрақтылыққа, заң талаптарына және жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшы келсе, мұндай ұйымдарға қатысты ерекше сақтық қажеттігі туралы сөз қозғалды.
Сонымен бірге, шара барысында теріс идеологияны қолдайтын ұйымдардың адамдарды өз қатарына тарту тәсілдеріне де тоқталды.
Мұндай ұйымдар кей жағдайда жастардың қызығушылығын, өмірлік тәжірибесінің аздығын немесе білімге құштарлығын пайдаланып, оларды түрлі уәделермен өз ықпалына тартуы мүмкін екендігі ескертілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник: Антитеррористический центр — gov.kz



