Аудандық мәслихат депутаттарының назарына
Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 65-ші сессиясы 2026 жылдың 14 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Сарысу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
2. Ауданда әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығының барысы, жоспарлы жұмыстар туралы.
3. Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
4. Түркістан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
5. Жаңаарық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
6. Сарысу ауданы әкімдігінің жанындағы марапаттау комиссиясы туралы.
7. «Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтосандағы №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Әртүрлі.
Тұрақты комиссиялардың мәжілісі аудандық мәслихатта 2026 жылдың 14 қазан күні сағат 10.30-да басталады.
Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 14 қазан күні сағат 10.00-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихат аппараты


